Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Биыл "Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды

    Бағым Балтабаева
    Бағым Балтабаева. Фото: instagram.com/bagyymm

    "Әлем аруы – 2026" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан Miss Qazaqstan 2024 титулының иегері Бағым Балтабаева қатысады, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, биыл халықаралық байқау Вьетнамда өтеді. Оған 100-ден астам елдің өкілдері қатысады.

    "Бұл жай ғана сұлулық сайысынан әлдеқайда тереңірек. Оның негізінде Beauty With a Purpose философиясы жатыр. Мұнда қатысушылардың тек сыртқы келбеті ғана емес, сондай-ақ олардың жеке қасиеттері де бағаланады. Онда қатысушылар таныстыратын қайырымдылық жобалары да маңызға ие. Сондықтан ұлттық байқаулардың жеңімпаздары жыл бойы қайырымдылықпен айналысады", - деді Miss Qazaqstan байқауының директоры Рамина Ибрагимова.

    Байқауға Қазақстан атынан қатысатын Бағым Балтабаева – Өскемен қаласының тумасы. Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін педагог мамандығы бойынша аяқтаған.

    Байқауға дайындық барысында Бағым жалғызбасты аналар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

    Сонымен қатар ол байқаудың негізгі кезеңдерінің бірі – ұлттық киімді таныстыру бөліміне ерекше дайындалған. Бағым биыл қазақ әйелінің бейнесін жаңа бағытта таныстыруды жоспарла отырғанын атап өтті.

    Бағым 7 тамыз күні Вьетнамға аттанып, онда 1 ай бойы халықаралық мәдени шараларға және Miss World бастамаларына қатысады. Елге оралуы 7 қыркүйекке жоспарланған.

    Биыл "Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram