Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаудың ең сұлу қызы таңдалды

    Мерей Әзімтай
    Мерей Әзімтай. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушыларынан

    Ақтауда 25 қыркүйекте ең сұлу ару таңдалды. 18 жастағы Мерей Әзімтай "Ақтау аруы-2024 " атанды, деп хабарлады Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    25 қыркүйекте Ақтауда "Ақтау аруы-2024" сұлулық байқауы өтті. Кастинг арқылы іріктелген 10 қыз байқаудың ақтық сынына қатысты.

    Ақтау аруы-2024
    "Ақтау аруы-2024" байқауына қатысушылар. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушыларынан

    Байқау алты кезеңнен тұрды. Біріншісі – ұлттық киімде презентация жасау, екінші кезеңде қыздар өнерін көрсетті.

    Ақтау аруы-2024
    "Ақтау аруы-2024" байқауына қатысушылар. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушыларынан

    Үшінші кезеңде арулар хореографиялық қойылым қойса, төртінші кезеңде байқауға қатысушылар дизайнер Татьяна Пугачеваның киімдерін киіп, сән көрсетілімін көрсетті. Бесінші кезеңде қыздар сұрақтарға жауап берді.

    Ақтау аруы-2024
    "Ақтау аруы-2024" байқауына қатысушылар. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушыларынан

    Байқаудың ақтық кезеңде арулар сахнаға кешкі көйлекпен шықты.

    Қазылар алқасының шешімімен "Ақтау аруы-2024" титулы 18 жастағы Мерей Әзімтайға бұйырды.

    Әйгерім Бауыржанова
    Әйгерім Бауыржанова. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушыларынан

    Альбина Оңғар, Әйгерім Бауыржанова, Айханым Қуанышбекова "Ақтау аруы-2024" байқауының жүлдегерлері атанды.

    Ақтау аруы-2024
    "Ақтау аруы-2024" байқауына қатысушылар. Фото: Lada.kz/байқау ұйымдастырушаларынан

    Ақтаудың ең сұлу қызы таңдалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram