Ғалымдар: Екі алып қара құрдым 100 жылдан кейін соқтығысуы мүмкін

    Қара құрдым
    Қара құрдым. Көрнекі сурет: Nicholas Forder/Future Publishing via Getty Images

    Халықаралық астрономдар тобы қос қара құрдымның бар екенінің алғашқы тікелей визуалдық дәлелін тапты, деп жазды ScienceDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бонндағы Макс Планк радиоастрономия қоғамының (MPIfR) өкілі Зильке Бритцен басқарған халықаралық зерттеу тобы Mrk 501 галактикасының орталығында аса үлкен екі қара құрдым жұбының барын тікелей бақылау арқылы анықтады. Зерттеу нәтижелері Monthly Notices of the Royal Astronomical Society журналында жариялауға қабылданды.

    Астрономдар 23 жыл бойы жиналған түрлі жиіліктегі радиодеректерді зерттеді. Олар Жерге бағытталған жарқын ағынмен (джетпен) қатар, басқа бағытқа бағытталған екінші джеттің қозғалысын да анықтап, бақылай алды. Табылған ағын негізгі қара құрдымның айналасында сағат тіліне қарсы бағытта айналады. Сонымен қатар 2022 жылдың маусымында зерттеушілер екінші джеттің жарығы бірінші қара құрдымның тартылыс күшімен иілгенде Эйнштейн сақинасы түріндегі гравитациялық линзалау эффектісін тіркеді.

    Ғалымдардың есебі бойынша, массасы Күннен 100 миллионнан бастап 1 миллиардқа дейін үлкен нысандар бір-бірінің айналасында 250–540 астрономдық бірлік қашықтықта орналасып, шамамен 121 күнде бір айналым жасайды. Нақты массасына байланысты олар 100 жылдан кейін соқтығысып, бірігіп кетуі мүмкін. Қашықтықтың ұзақтығына байланысты заманауи телескоптар жұпты ажыратуға мүмкіндік бермейді, алайда бұл жүйені төмен жиіліктегі гравитациялық толқындарды тіркей алатын пульсарлық таймингтік массивтердің (PTA) көмегімен зерттеу жоспарланып отыр. Зерттеуге соавтор Эктор Оливарес те қатысты.

    Ғалымдар: Екі алып қара құрдым 100 жылдан кейін соқтығысуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram