Netflix төрт жылдағы ең ірі қысқарту аясында 1000-ға жуық қызметкерін жұмыстан босатпақ
Жарияланған күні:
Читать на русском
Netflix стриминг сервисі төрт жылдағы ең ірі қысқарту аясында компания штатының шамамен 6 пайызын құрайтын 1000-ға жуық адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Engadget-ке сілтеме жасап хабарлады.
Бұл қысқарту компания үшін 2022 жылдан бергі ең ауқымдысы болмақ, ол кезде 450-ге жуық маман жұмысынан айырылған еді. Былтырғы мәлімет бойынша, сервис штатында бүкіл әлем бойынша 16 000-ға жуық адам болған. Сонымен қатар бұл шешім Netflix Warner Bros. компаниясын сатып алу мәмілесінен бас тартқаннан кейін бірнеше ай өткен соң қабылданды.
Netflix тең басшылары Тед Сарандос пен Грег Питерс қызметкерлерге жолдаған хатында компанияның басты мақсаттарын орындау үшін ресурстар мен жұмыс күшін бөлуде тәртіп қажет екенін түсіндірді. Олардың айтуынша, компания бизнесі мықты күйінде қалып, өсуін жалғастыруда, ал қаржылық көрсеткіштер жоспар бойынша жүріп жатыр. Олар сондай-ақ Netflix дамудың негізгі бағыттарына белсенді инвестиция салуды жалғастыратынын мәлімдеді.
Сервистің қаржылық көрсеткіштері дағдарысты көрсетіп тұрған жоқ: 2025 жылғы түсім шамамен 45,2 миллиард долларды құрады. Сонымен қатар сервис бейнеойындар, подкасттар және спорттық оқиғалардың тікелей трансляциясы бағыттарын дамыта отырып, қызметтер тізімін кеңейтуді жалғастыруда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2444792-netflix-tort-zhyldagy-eng-iri-qysqartu-aiasynda-1000-ga-zhuyq-qyzmetkerin-zhumystan-bosatpaq/