Америка азаматы бір минутта аузымен 20 қағаз ұшақты ұстап үлгерді (видео)

    Дэвид Раш
    Дэвид Раш. Видеодан кадр: youtube.com/@RecordBreakerRush

    Айдахо штатының танымал рекордшысы Дэвид Раш бір минуттың ішінде аузымен 20 қағаз ұшақты ұстап үлгеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп жазды UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    АҚШ-тың сериялық рекордшысы Дэвид Раш тағы да Гиннесс рекордтары кітабына енді. Ол 13 жасар жиенімен бірге Айдахо штатының Стэнли қаласында ерекше тәжірибе ұйымдастырды. Қыз бала қағаз ұшақтарды ұшырса, Дэвид оларды тек аузымен ұстап алуы керек болды.

    Бөлінген бір минут ішінде ер адам 20 ұшақты сәтті ұстап үлгерді. Бұл нәтиже Гиннесс рекордтары кітабының сарапшылары жаңа әлемдік жетістікті ресми тіркеуі үшін жеткілікті болды.

    Дэвид Раш мұндай сынақтарға жиі қатысады және қазірдің өзінде 180-нен астам әр түрлі Гиннес рекордтарын орнатқан. Америкалық өзінің ерекше перформанстары арқылы ғылымды, технологияны, инженерия мен математиканы дәріптеуге назар аудартуды көздеп отыр.

    Америка азаматы бір минутта аузымен 20 қағаз ұшақты ұстап үлгерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram