Нью-Йоркте Өрмекші адамның жүздеген жанкүйері әлемдік рекордты жаңарта алмады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Marvel комикстерінің жүздеген жанкүйері New York Comic Con фестивалінде Гиннестер рекорды кітабына ену үшін Өрмекші адам костюмін киіп жиналды, деп жазды UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жаппай акцияны Jazwares ойыншық өндіруші компаниясы мен Disney Consumer Products бөлімшесі ұйымдастырды. Қатысушылар бір жерде суперқаһарман костюмін киген адамдардың ең көп жиналуы бойынша нәтижені жаңартуды көздеді.
Алайда жиналған жанкүйерлердің жалпы саны қажетті көрсеткіштен сәл аз болып шықты.
Қолданыстағы әлемдік рекорд 685 адамды құрайды. Оны 2023 жылы Sony Pictures Entertainment Malaysia компаниясы "Человек-паук: Паутина миров" анимациялық фильмінің шығуына арналған жарнамалық іс-шара кезінде орнатқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2442769-niu-iorkte-ormekshi-adamnyng-zhuzdegen-zhankuieri-alemdik-rekordty-zhangarta-almady/