Швейцария мұздықтары бір жылда көлемінің 5 пайыздан астамын жоғалтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Былтыр Альпі тауларында тағы да мұздық ірі көлемде еріді. SciTechDaily басылымының жазуынша, 2026 жылы қардың аз түсуі мен аптап салдарынан Швейцария мұздықтары көлемінің 5 пайыздан астамын жоғалтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.
Швейцарияның мұздықтарды мониторингтеу желісінің (GLAMOS) сарапшылары мұз қабатының орташа қалыңдығы 2,5–4 метрге азайғанын, ал жекелеген мұздықтардың етегінде бұл көрсеткіш 10 метрге жеткенін анықтады. Альпідегі Белла-Тола және Гриссфирн атты екі шағын мұздық толығымен еріп, ел картасынан жойылып кетті.
Рекордтық ерудің басты себебі – қыста қардың аз түсуі мен мамырдан қыркүйекке дейін созылған аптап. 76 күн бойы нөлдік изотерма – ауа температурасы нөл градусқа дейін төмендейтін биіктік – 4000 метрден жоғары көтерілді. Бұл 3500 метр биіктіктегі қорғаныш қар қабатының толықтай еріп, күн сәулесін белсендірек сіңіретін күңгірт мұздың ашылып қалуына әкелді.
Жаздың үш айында ғана еріген мұздықтар шамамен 2200 миллиард литр суды босатты. Бұл елдегі барлық үй шаруашылығының бір жылда тұтынатын ауызсу көлемінен төрт есе көп. Ғалымдар судың уақытша көбеюіне алданып қалмау керектігін ескертті: соңғы бес жылда Швейцария мұздық қорының бестен бір бөлігінен айырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2441597-shveitsariia-muzdyqtary-bir-zhylda-kolemining-5-paiyzdan-astamyn-zhogaltty/