АҚШ қаласында кенгуру хайуанаттар бағынан қашып шығып, көшеде серуендеді

    Кенгуру
    Кенгуру. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Маршалл қаласының тұрғындары хайуанаттар бағынан қашып шыққан және көшеде еркін жүрген кенгуруді байқады. Оны қала тұрғындары ұстап алып, карантинге жіберді, деп жазды UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ру есімді жануар сейсенбіде жергілікті мектеп аумағында ұйымдастырылған жылжымалы хайуанаттар бағынан қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жануарларды бақылау қызметі барды, алайда жануарды қарапайым қала тұрғындары ұстап алып, иелеріне қайтарды.

    Маршалл полиция департаменті адамдардың ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады. Сонымен қатар қала билігі кенгурудің қалада ресми рұқсатсыз жүргенін анықтады.

    Кенгуру иелеріне жануарларды ұстаудың жергілікті ережелерін бұзғаны үшін нұсқама берілді. Рудың өзі жануарларды бақылау қызметінің қадағалауымен 10 күндік міндетті карантинге жатқызылды.

    АҚШ қаласында кенгуру хайуанаттар бағынан қашып шығып, көшеде серуендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram