OpenAI Еуропалық одақ елдерінде ChatGPT мәтіндеріне көрінбейтін цифрлық таңбалар енгізбек

    OpenAI
    OpenAI: CFOTO/Future Publishing via Getty Images

    Компания Еуропалық одақтың жасанды интеллект туралы заңын сақтау үшін генерацияланған мәтін мен кодты таңбалауды енгізіп жатыр, деп жазды TechCrunch басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    OpenAI компаниясы ChatGPT және Codex сервистері арқылы жасалатын мәтіндер мен бағдарламалық кодтарға көрінбейтін цифрлық таңбалар енгізу жоспары туралы жариялады. Өзгеріс барлық тарифтік жоспар қолданушыларына қатысты болады, алайда бастапқы кезеңде жаңашылдық тек Еуропалық одақ аумағында ғана қолданылады. Бұл шешім генеративтік нейрожелілердің жұмыс істеу ашықтығын реттейтін Еуропалық жасанды интеллект туралы заңның (EU AI Act) 50-бабының талаптарын сақтау қажеттілігіне байланысты қабылданды.

    textGrain деп аталатын технология модельдің сөз таңдау процесіне жасырын статистикалық сигналды енгізеді, бұл ретте жауаптардың генерациялану сапасы төмендемейді. OpenAI API-ін пайдаланатын әлемдегі клиенттер үшін таңбалау қалауы бойынша қолжетімді болады, бірақ әдепкі параметр бойынша өшірулі күйде қалады.

    Әзірлеушілер су таңбаларының (водяной знак) қолданушылардың дербес деректерін қамтымайтынын және промпттармен немесе аккаунттармен байланыстырылмайтынын атап өтті. Су таңбаларын тексеру құралына қолжетімділікті тек аккредиттелген зерттеушілер мен бейінді ұйымдар ғана алады. Компанияның мәліметінше, мәтінді өңдеу немесе синонимдерді қолдану таңбаның анықталуын айтарлықтай төмендетеді, ал математикалық есептеулер үшін әдістің тиімділігі тұжырымдардың қатаңдығына байланысты төменірек болады.

    OpenAI Еуропалық одақ елдерінде ChatGPT мәтіндеріне көрінбейтін цифрлық таңбалар енгізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram