Қытайда қауырсынды динозаврдың жақсы сақталған қаңқасы табылды

    Птеродактиль
    Птеродактиль. Көрнекі фото: Pixabay

    Ляонин провинциясында микрорапторидтердің жаңа түрінің табылуы ұшу эволюциясының жолы бірыңғай екенін жоққа шығаруы мүмкін, деп жазды ScienceAlert-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Палеонтологтар Norellraptor barsboldi деп аталған қауырсынды динозаврдың жаңа түрін тапты. Қытайдың Ляонин провинциясындағы Ламадун кентінің маңындағы Цзюфотан формациясынан қауырсын іздері бар, ұзындығы 57 сантиметр болатын толық дерлік қаңқа табылды. Үлгі Хэбэй геологиялық университетінің мұражайына тапсырылды. Қытай геологиялық ғылымдар академиясының өкілі Сюйри Ван мен италиялық зерттеуші Андреа Каудың жетекшілігімен жүргізілген зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланды.

    Сүйектерге жасалған талдау динозаврдың өлген кезде кемінде үш жаста болғанын көрсетті. Анатомиялық ерекшеліктерді зерттеу барысында динозаврдың қалықтап ұшуға және белсенді ұшуға бейімделгенінің бірқатар белгісі анықталды. Алайда ұшудан туындайтын қаңқа өзгерістерінің шамамен 30%-ы микрорапторидтер мен қазіргі құстардың арғы аталарында мүлдем әр түрлі реттілікпен пайда болған. Мысалы, микрорапторидтерде саусақ сүйектері ерте кезеңде қысқарса, білек сүйектерінің бірігуі кейінірек болған.

    Бұл жаңалық микрорапторидтер мен құстардың ұшу аппаратын ортақ ата-бабадан мұра етіп алғаны туралы гипотезаны жоққа шығарды. Ғалымдар динозаврлардың жақын топтарында ұшу қабілеті әр түрлі экологиялық факторлардың әсерінен тәуелсіз дамыған болуы мүмкін деп болжап отыр.

    Қытайда қауырсынды динозаврдың жақсы сақталған қаңқасы табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram