Ғалымдар: Хош иісті тазалағыш құралдар бөлме ауасында қауіпті нанобөлшектердің түзілуіне әкеледі

    Үйді жинау
    Үйді жинау. Көрнекі сурет: Witthaya Prasongsin/Getty Images

    Пердью университетінің ғалымдары хош иісті танымал тұрмыстық құралдардың озонмен химиялық реакцияға түсіп, ауаны ластайтынын анықтады, деп жазды ScienceDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қылқан жапырақты, цитрусты немесе гүл иісі бар жуғыш заттар мен ауа тазартқыштарды пайдалану миллиардтаған көрінетін және көрінбейтін нанобөлшектердің тез түзілуіне алып келеді. Пердью университетінің доценттері Брэндон Бур мен Нусрат Джунг бастаған зерттеушілер тобы осындай қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері Чикагодағы McCormick Place көрме орталығында өткен Америка химиялық қоғамының (ACS) күзгі съезінде ұсынылды.

    Арнайы жабдықталған тұрғын үйде жүргізілген эксперимент барысында ғалымдар тұрмыстық химия құрамындағы терпендердің (пинен, лимонен, тимол және линалоол) тазалау кезінде буланып, табиғи орман ортасына қарағанда ондаған және жүздеген есе жоғары концентрация түзетінін анықтады.

    Бөлмедегі озонмен әрекеттескенде, бұл қосылыстар бірнеше минут ішінде өлшемі 1-ден 30 нанометрге дейінгі ультрадисперсті нанобөлшектерді қалыптастырады. Өлшемі өте кішкентай болғандықтан, бұл бөлшектерді тұрмыстық ауа сапасын бақылау датчиктері тіркемейді, бірақ олар өкпенің терең бөліктері мен тыныс алу жолдарына оңай еніп, қан ағымына өтіп, қабыну процестерін тудырады.

    Хош иісті құралдарды озон бөлетін бактерицидті ультракүлгін сәулелі (UV-C) шамдармен бір мезгілде пайдаланғанда жағдай айтарлықтай ушыға түседі. Тәуекелдерді азайту үшін профессор Эрнест Блэтчли мен Брэндон Бур құрамында хош иістендіргіштері жоқ тұрмыстық химияны таңдауға, тазалау кезінде бөлмені желдетуге және озон бөлетін құрылғыларды қоспауға кеңес берді.

    Ғалымдар: Хош иісті тазалағыш құралдар бөлме ауасында қауіпті нанобөлшектердің түзілуіне әкеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram