Ұшақ бортында тыржалаңаштанған жолаушы әйел өзгелерді шошытты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Airlive басылымының жазуынша, Балтимор әуежайынан ұшып шыққан Airbus A319 ұшағы қонғаннан кейін полиция қызметкерлері әйелді ұстады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.
Майами полициясы American Airlines әуекомпаниясының 1779-рейсіндегі жолаушыны қамауға алды. Ұшақ Тергуд Маршалл атындағы Балтимор/Вашингтон халықаралық әуежайынан шыққан болатын. Оқиға Airbus A319 әуе кемесі Майами халықаралық әуежайына бағыт алған кезде болды.
Тоғызыншы қатарда отырған әйелдің оғаш қылығын байқаған бортсеріктер бұл туралы бірден экипаж командиріне хабарлады. ACARS ақпарат алмасу жүйесінің деректеріне сәйкес, тәртіп бұзушы киімін шешіп, өзге жолаушылардың көзінше әдепсіз әрекеттер жасаған. Экипаж әуекомпанияның операциялық орталығымен байланысқа шығып, ұшақ қонған кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырды.
Ұшақ Майамиге қонып, D2 гейтіне жеткеннен кейін полиция қызметкерлері бортқа көтеріліп, тәртіп бұзушыны ұшақтан шығарды. American Airlines өкілі оқиғаны растап, жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі компания үшін басты басымдық екенін мәлімдеді. Әуекомпания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, бортсеріктерге кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2427278-ushaq-bortynda-tyrzhalangashtangan-zholaushy-aiel-ozgelerdi-shoshytty/