Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    НАСА ғаламды зерттеуге арналған жаңа ғарыш телескобын ұшыруға дайындалып жатыр

    Ғарыш
    Ғарыш. Көрнекі сурет: pixabay.com

    ScienceDaily басылымының хабарлауынша, НАСА мен SpaceX компаниясы 30 тамызға жоспарланған жаңа ғарыш телескобын ұшыруға дайындықты тексеру жұмыстарын аяқтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    НАСА мамандары, обсерватория командасы және SpaceX компаниясы Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында ғарыш аппаратының, зымыран тасығыштың және ұшыру кешенінің жай-күйін ресми түрде бағалады. Тексеру қорытындысы бойынша сарапшылар барлық жүйенің дайын екенін растады. Ұшыру 30 тамызға белгіленді. Телескоп ғарышқа Falcon Heavy зымыран тасығышы арқылы 39A ұшыру кешенінен жіберіледі.

    Алдағы күндері телескоп SpaceX ангарына жеткізіледі. Ол Falcon Heavy-дің қорғаныш бөлігінің ішіне орналастырылды. Бұл құрылғы аппаратты атмосферадан өткен кездегі аэродинамикалық жүктемелерден қорғайды. Зымыранмен түйістірілгеннен кейін, бүкіл құрылым ұшыру алдындағы соңғы рәсімдерді жасау үшін ұшыру алаңына шығарылады.

    Жаңа ғарыш телескобы ғарыштың панорамалық кескіндерін алу үшін құрастырылған. Ғалымдар оның көмегімен Ғаламның тарихы мен эволюциясын зерттемек. Сондай-ақ олар Ғаламның жедел кеңею себептерін анықтап, алыс жұлдыздарды айналатын экзопланеталарды іздеп, талдау жасайды.

    НАСА ғаламды зерттеуге арналған жаңа ғарыш телескобын ұшыруға дайындалып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram