Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әлемдегі ең қарт кейуана 117 жасын жақындары мен достарының ортасында атап өтті

    Этель Катерхэм
    Этель Катерхэм. Фото: facebook.com/GuinnessWorldRecords

    Ұлыбритания тұрғыны Этель Катерхэм 117 жасқа толғанын атап өтті. The Straits Times басылымының жазуынша, ол осындай жасқа жеткен тарихтағы тұңғыш британиялық әйел атанып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мерейтой иесі Лондонға таяу орналасқан Суррей графтығындағы қарттар үйінде тұрады. Ол туған күнін туған-туыстары мен достарының ортасында өткізді. Ғасыр куәгеріне құттықтаулар әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде әлемдегі ең қарт ер адам деп танылған 113 жастағы бразилиялық Жуан Мариньо Нетодан да келді. Этель Катерхэм 1909 жылдың 21 тамызында дүниеге келген. Ол осы уақытқа дейін Эдуард VII королінің билік құрған кезеңін, екі дүниежүзілік соғысты, "Титаник" кемесінің суға батуын және коронавирус пандемиясын бастан өткерді.

    Болашақ рекордшы 18 жасында Үндістанға аттанып, онда бала бағушы болып жұмыс істеген. Кейін британиялық армияның майоры Норман Катерхэмге тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылар біраз уақыт Гонконгта тұрып, кейін Ұлыбританияға оралды. Этель жолдасынан да, қос қызынан да ұзақ өмір сүрді. Бүгінде оның үш немересі мен бес шөбересі бар. Оған Жер шарындағы ең жасы үлкен адам мәртебесі 2025 жылдың сәуірінде бразилиялық монах әйел Инах Канабарро Лукас қайтыс болғаннан кейін берілді.

    Этель Катерхэм ұзақ өмір сүруінің басты сыры — өмірге сабырлықпен қарап, ұрыс-керістен аулақ болуында деп санайды. Бұған дейін ол ешкіммен дауласпайтынын, сөйлесушісін әрқашан мұқият тыңдайтынын, бірақ соңында бәрібір өз ұйғарымына сай әрекет ететінін айтқан еді. Катерхэмнің осы жетістігіне қарамастан, әлемдік абсолютті рекорд әлі де 122 жыл 164 күн өмір сүрген француз әйелі Жанна Кальманға тиесілі.

    Әлемдегі ең қарт кейуана 117 жасын жақындары мен достарының ортасында атап өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram