Ретро стильдегі дауыс: Семейлік арулар сайлауға ерекше образбен келді

    Семей қаласының тұрғындары
    Семей қаласының тұрғындары. Фото: Семей қаласы әкімдігі

    Семей қаласының тұрғындары Еркежан Сағимоллаева мен Еркежан Тұрлыбек сайлау учаскесіне ретро стильдегі киім үлгісімен келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

    Олардың айтуынша, Семей – тарихы терең, мәдени мұрасы бай қала. Сондықтан олар дауыс беру күніне ерекше мән беріп, қаланың тарихи келбетін ретро образ арқылы көрсетуді жөн санаған.

    Семей қаласының тұрғындары
    Семей қаласының тұрғындары. Фото: Семей қаласы әкімдігі

    "Семей – тарихы бай қала. Қаламыздың өткенін, ерекше атмосферасын жақсы көреміз. Сондықтан бүгінгі дауыс беру күніне ретро стильде келуді жөн көрдік.

    Семей қаласының тұрғындары
    Семей қаласының тұрғындары. Фото: Семей қаласы әкімдігі

    Бұл біз үшін жай ғана образ емес, туған қаламыздың тарихына деген құрмет. Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймыз", – деді Еркежан Сағимоллаева.

    Айта кетейік, Еркежан Тұрлыбек бүгін алғаш рет дауыс берді.

    Ретро стильдегі көлік
    Ретро стильдегі көлік. Фото: Семей қаласы әкімдігі

    Сайлау күні семейліктер азаматтық белсенділік танытып қана қоймай, шығармашылық көзқарастарымен де ерекшеленуде.

    Ретро стильдегі көлік
    Ретро стильдегі көлік. Фото: Семей қаласы әкімдігі

    Ретро стильдегі дауыс: Семейлік арулар сайлауға ерекше образбен келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram