Атырау облысында бір топ келін №147 сайлау учаскесінде дауыс берді

    сайлау
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы №147 сайлау учаскесіне бір топ келін арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

    Олардың айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігі. Сондықтан олар маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шешім қабылдаған.

    "Бүгін біз бір топ келін болып сайлауға бірге келдік. Әрқайсымыздың таңдауымыз маңызды деп ойлаймыз. Елдің ертеңі, балаларымыздың болашағы үшін азаматтық міндетімізді орындап, дауыс бердік. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын", - деді келіндердің бірі.

    дауыс берушілер
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Осылайша, бірлік пен татулықты ту еткен әйелдер қауымы азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

    №147 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі штаттық режимде жалғасуда.

    Атырау облысында бір топ келін №147 сайлау учаскесінде дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram