Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облысында даладан сирек кездесетін аң табылды (фото)

    Шұбар күзен
    Шұбар күзен. Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

    Маңғыстау облысында даладан Қызыл кітапқа енген көмекке мұқтаж жануар табылды, деп хабарлайды Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қорықтың мәліметінше, қиын жағдайға тап болған жануарды полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізген.

    "Ақтау қаласына Үстірт қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Жасқайрат Ермек пен инспектор Досан Атантаев барды.

    Табылған жануар Қазақстан фаунасындағы Vormela туысының жалғыз өкілі – шұбар күзен болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және III санатқа жататын, яғни саны мен таралу аймағы азайып бара жатқан сирек кездесетін түр", - делінген хабарламада.

    Мамандар жануарға визуалды тексеру жүргізген. Оның денесінен ауыр сыртқы жарақаттар анықталмаған.

    "Шұбар күзен әдетте жартылай бекіген және бекіген құмды алқаптарды мекендейді. Сонымен қатар құмтышқандар, сарышұнақтар мен тышқандар сияқты ұсақ сүтқоректілер шоғырланған жерлерді таңдайды.

    Жануар кейін Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына жеткізіліп, табиғи мекендеу ортасына жіберілді", - деп нақтылады мамандар.

    Маңғыстау облысында даладан сирек кездесетін аң табылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram