Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Осы жердің үлкен ханымы сияқты": әлемдегі ең кәрі горилла 69-ға толды

    горилла
    Горилла. Видеодан кадр: 24KZ

    Әлемдегі ең кәрі горилла Германиядағы хайуанаттар бағында өмір сүреді. Фату биыл 69 жасқа келді, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Хайуанаттар бағының аға кураторы Дженнифер Ханның айтуынша, Фату әлемдегі ең егде горилла саналады. Бұл – ресми мәлімет. Ол Гиннес рекордтар кітабына енгізілген.

    "Ұзақ жасауға тегі де, жағдай да үлкен маңызға ие. Бұлар да адамдар сияқты ғой", - дейді ол.

    Алайда жасы ұлғайған сайын Фатудың отырып-тұруы баяулап, ауру-сырқауы да көбейе түскен.

    "Фату жақсы өмір сүріп жатыр. Таңертең ерте оянады. Ұйқысы сергек. Ол осы жердің үлкен ханымы сияқты. Бірақ аузында тістері қалмаған. Жүрісі баяулады. 5 минут жүрсе, қалжырап, тоқтап, дем алып алады. Кейде қалтырап кетеді. Тамақты пісіріп береміз", - дейді хайуанаттар бағының қызметкері Леннард Гаудиан.

    Телеарнаның мәліметінше, жабайы табиғатта гориллалар әдетте 35 жыл ғана өмір сүреді. 

    "Осы жердің үлкен ханымы сияқты": әлемдегі ең кәрі горилла 69-ға толды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram