Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанның көк байрағы әлемдегі ең үздік ту деп танылды

    Қазақстан туы
    Қазақстан туы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстанның мемлекеттік туы әлем бойынша ең үздік деп танылды. Бұл туралы "Хабар" арнасы хабарлайды.

    Reddit платформасында өткен "Әлем тулары" атты ауқымды онлайн дауыс беру кезінде жаһанның түпкір-түпкіріндегі интернет қолданушылар біздің байрақты таңдаған.

    Финалда көк туымыз Океаниядағы Кирибати мемлекетінің туын басып озды. Ал үздік төрттікке Сейшел аралдары, Бутан және Кирибати елдерінің тулары енді.

    Қазір Reddit желісінде тағы бір байқау өтіп жатыр. Онда қолданушылар әлемдегі ең үздік елтаңбаны анықтауда. Бұл жолы Қазақстан топ 26-қа енген.

    Қазақстанның көк байрағы әлемдегі ең үздік ту деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram