Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы қорығында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

    Қар барысы
    Қар барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы мемлекеттік табиғи қорығы көңілді аландардың видеосын жариялады, деп хабарлайды қорықтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қорығының ірі шатқалдарына қойылған фототұзаққа аландарын ерткен қар барысы түсіп қалған.

    "Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер.

    Аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйреніп жатыр. Осылайша, олар болашақта өз бетімен тіршілік етуге бейімделеді", - делінген хабарламада.

    Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі – қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді.

    Алматы қорығында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram