Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ертіс орманы аумағында жүнінің түсі өзгеріп тұратын ерекше жануар көзге түсті (фото)

    жоңғар атжалманы
    Жоңғар атжалманы. Фото: instagram.com/ertisormany_2003

    Ертіс орманы аумағында жоңғар атжалманы көзге түсті, деп хабарлайды табиғи резерваттың әлеуметтік желідегі парқашасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары қысқы аппақ реңдегі жоңғар атжалманын (Phodopus sungorus) байқаған.

    Даланың бұл кішкентай мекендеушісі жүнінің түсін өзгертуге қабілеттілігімен танымал: суық түскенде оның сұрғылт-қоңыр реңі ақ түске айналып, қарда жыртқыштардан жасырынуына көмектеседі.

    Жоңғар атжалманы
    Жоңғар атжалманы. Фото: instagram.com/ertisormany_2003

    "Ерекше әрі қызықты жайт – жануардың орман алқабында көзге түсуі. Бұл табиғаттың тосын сыйларға толы екенін, ал жануарлардың әртүрлі жағдайларға бейімделіп, жаңа ортаға икемделе алатынын дәлелдейді", - делінген хабарламада.

    Ертіс орманы аумағында жүнінің түсі өзгеріп тұратын ерекше жануар көзге түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram