KAZ.NUR.KZ-тің қазандағы ұтыс ойыны: тұрақты оқырмандар арасында жүлделер ойнатылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
KAZ.NUR.KZ-те тұрақты оқырмандарға арналған ұтыс ойыны қазан айында да өткізіледі. Порталға күніне кемінде бір рет кіріп жүрген тіркелген қолданушылар ұтыс ойынына қатысуға өтініш беріп, жүлделер ұту мүмкіндігіне ие бола алады.
Ұтыс ойынына қатысу үшін KAZ.NUR.KZ-те тіркеліп, сайтқа күніне кемінде бір рет кіріп, бағдарламада қарастырылған мәртебелердің біріне қол жеткізу қажет. Содан кейін жеке кабинет арқылы өтінім беру керек. Қолданушы неғұрлым ұзақ уақыт сайтқа күнде кіріп жүрсе, оның мәртебесі соғұрлым жоғары болады.
Ұтыс ойынына бес мәртебенің біріне қол жеткізген қолданушы қатыса алады: Салт атты, Ақылман, Ұраншы, Шежіреші және Бәйтерек. Әр түрлі деңгейдегі қатысушыларға онлайн-кинотеатрларға жазылымдар мен тұрмыстық техника түріндегі жүлделер қарастырылған.
Жеңімпаздар акция ережелеріне сәйкес кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. Ұтыс ойындары ай сайын өтеді, тұрақты оқырмандар бағдарламаның жаңа кезеңдеріне қатыса алады.
Ұтыс ойынын жіберіп алмау үшін күніне кемінде бір рет сайтқа кіруді ұмытпау қажет және жеке кабинетіңіздегі "Белсенділік" бөлімінде өтінім беру керек.
Ұйымдастырушы – "Internet Portal Nur" ЖШС. Қатысудың толық шарттары акция ережелері жазылған парақшада жарияланған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/2445930-kaz-nur-kz-ting-qazandagy-utys-oiyny-turaqty-oqyrmandar-arasynda-zhuldeler-oinatylady/