jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

NUR.KZ-те енді мақала астына реакция қалдыруға болады

NUR.KZ-тегі реакция батырмасы
NUR.KZ-тегі реакция батырмасы. Көрнекі сурет: NUR.KZ

NUR.KZ-те мақалалар астына реакция қалдыру мүмкіндігі пайда болды. Сіз осылайша материал мен мәселеге қатысты өз пікіріңізді оңай жеткізе аласыз. Реакциялар туралы толығырақ материалдан оқыңыз.

Бұған дейін оқырмандарымызға пікірлер астына реакция қалдыру мүмкіндігі беріліп, оқырмандарымыз оны белсенді пайдаланып келген болатын. Енді реакцияны мақалалардың да астына қалдыру мүмкіндігін қосу туралы шешім қабылданды. Осылайша оқырмандар пікір қалдыруға уақыт жоғалтқысы келмесе, жарияланымға деген көзқарасын қас қағым сәтте реакция түрінде білдіре алады.

Барлығы алты реакция қолжетімді. Пайдаланушылар мақала ұнағанын білдіру үшін лайк немесе жүрек белгісін қоя алады. Одан бөлек күлгенін, көңілі қалғанын, таңданғанын және ашуланғанын білдіретін реакциялар бар.

Бұл жаңашылдық оқырмандарға материалдарымызға қатысты кері байланыс беруге және контент саясатымызға әсер етуге көмектеседі, себебі редакция қай тақырыптардың аудиторияға қызығырақ және өзекті екенін түсінетін болады.

NUR.KZ сайтында реакциялар қазірден қолжетімді. Осы материалдың астына реакция қалдыру арқылы жаңа функцияны алғашқылардың бірі болып сынап көріңіз!

NUR.KZ-те енді мақала астына реакция қалдыруға болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.