jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айбек Оралбай Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды

    Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесуінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия бокс чемпионатының финалдық кездесуінде Қазақстан атынан өнер көрсетті. Ол Қытайдан келген этникалық қазақ Данабек Байкенжемен жекпе-жекке шығып, алтын медальға таласты. Жекпе-жекте төрешілер Оралбайды бірауыздан 5-0 есебімен жеңімпаз деп таныды.

    Осылайша, Айбек ерлер құрамасына биылғы құрлық біріншілігіндегі төртінші алтын медалін әкелді.

    Бұған дейін алтын медальдарды Оразбек Асықұлов, Сабыржан Аққалықов және Айбектің егіз бауыры Нұрбек Оралбай жеңіп алған болатын.

    Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын жеті медальмен (4 алтын, 1 күміс және 2 қола) аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде көш басына шықты.

    Айбек Оралбай Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.